Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы сенбілікке шықты

Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы сенбілікке шықты

Бүгін Семей қаласында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында және санитарлық-экологиялық екі айлық шеңберінде сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға басқарма қызметкерлері мен оған қарасты мекемелердің мамандары белсене атсалысып, қала көшелерін тазартуға өз үлестерін қосты.

Мақсат – өңір тұрғындарына қоршаған ортаны қорғаудың, туған өлкені таза ұстаудың маңызын көрсету.

Басқарма ұжымы осындай игі бастамаларды қолдай отырып, экологиялық мәдениетті арттыруға және Семей қаласының тазалығына өз септігін тигізуде.