18 сәуір күні Абай облысында өңірлік спорт басқармаларының жұмысын бір жүйеге келтіру мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобының қатысуымен жиын өтті. Басқосуда спорт саласында жүзеге асып жатқан реформалар мен өзгерістер кеңінен талқыланды.
Жиын барысында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық құжаттарға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Бұл істі мекеме басшылары өз бақылауында ұстауы тиіс екені де ерекше атап өтілді.
«Біздің басты міндетіміз — өңірлердегі спортты басқарудың тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыру. Тек өзара ықпалдастық пен бірыңғай тәсілдер арқылы нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деді Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов.
Реформалардың мақсаты — еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеріп, өңірлік басқармалар арасындағы үйлесімділікті арттыру.