Абай облысында әуесқой бокс федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Абай облысында әуесқой бокс федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Махат Төрәлі Абай облысы бойынша әуесқой бокс федерациясының Президенті болып тағайындалды

Абай облысында спорт саласында маңызды кадрлық тағайындау болды. Махат Төрәлі Абай облысы бойынша әуесқой бокс федерациясының Президенті қызметіне ресми түрде кірісті.

Тағайындалу рәсімінен кейін Астанадан арнайы келген Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахманов, бас хатшы Мерей Ақшалов және Абай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов Семей қаласындағы бокс секцияларының қазіргі жағдайымен танысты. Олар спорттық нысандарды аралап, жаттығу залдарының материалдық-техникалық базасын қарап, жас спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесті.

Болат Абдрахманов өз сөзінде Абай облысында боксты дамытуға үлкен әлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, федерация тарапынан өңірдегі бокс инфрақұрылымын жетілдіруге қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жаңа Президент Махат Төреәлі өңірлік бокстың дамуына серпін беріп, жас спортшыларға барынша қолдау көрсететінін айтты. Оның айтуынша, басты мақсат — Абай облысынан халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын чемпиондар тәрбиелеу