Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт,сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
-Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған.
-Уәкілетті орган басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбесін әзірлейді,жоғарғы жетістіктер спорты түрлерінің тізімін және оларды бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды.
-Басым спорт түрлері халықаралық аренада қол жеткізген нәтижелерге қарай бекітіледі.Бұл-Олимпиада,Паралимпиада,Сурдлимпиада,Азия, Паразия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері,сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.
-Спорт федерацияларын акредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді.Енді олар ұлттық және жергілікті спорт федерациялары болып бөлінеді.
-Шетелдік легионерлерді бюджеттен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
-Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа:жоғары жетістіктер спортына,оның ішінде спорттың басым түрлеріне, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне,бұқаралық спортқа,спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.
-Заңға “спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары” ұғымы енгізіледі.Соған сәйкес спортшыларды төл-таным түсінігімізге сай тәрбиелеп,олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленеді.
-Уәкілетті органға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шара қабылдау өкілеттілігі беріледі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.