
4 сәуірде Абай облысының қаржы ұйымдары арасында өткен қалалық СПАРТАКИАДА аясында қызықты Командалық Шахмат Турниры өтті. Турнирге 15 талантты шахматшыдан құралған 5 команда қатысты. Бәсеке зияткерлік спорттың нағыз мерекесіне айналып, қатысушылардың шеберліктері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Турнир тек қаржы ұйымдарының қызметкерлері арасында командалық рухты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар шахматтың спорт түрі ретіндегі маңыздылығын атап өтетін қаладағы маңызды оқиғаға айналды. Бұл шара Семей қаласындағы Казначейство аумақтық органының құрылуына 30 жыл толуына арналып, турнирға ерекше мән мен салтанат берді.
Өткізілген орны:
ФОК, Семей қаласы, Кабылбаева көшесі, 32
Жеңімпаздар:
1 орын- Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
2 орын- Абай облысы бойынша қаржы басқармасы
3 орын- Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және шахмат ойынында табыстар тілейміз!