Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір

Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір

Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.

Көшпелі және отырықшы өмір салтының үн­дестігі мұндағы шаруашылық жүйенің негізі болып қана қоймай, аймақтың өзіндік саяси-құқық­тық мәдениетін және кез келген өзгеріске бейімдігі­мен, төзімділігімен ерекшеленетін құндылықтар жиын­тығын қалыптастыруға ықпал етті. Орталық Азия кеңістігі сан алуан империяның құрылғаны­на, ыдырағанына, саяси және экономикалық модельдердің табиғи жолмен дамығанына куә болды, бірақ өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды. Халықтарымыз ежелден түрлі өркениетпен тіл табысып, қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында бұл аймақ өзінің этномәдени және рухани ерекшелігін сақтай отырып, Ұлы Жібек жолының және тұтастай алғанда үлкен Еуразияның тарихында шешуші рөл атқарды.