Абай облысының кикбоксингшілері әлем чемпионатында жеңіспен оралды

Абай облысының кикбоксингшілері әлем чемпионатында жеңіспен оралды

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында 17–27 қыркүйек аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 79 елінен 1500-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 1-орынға ие болып, 25 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды.

Осы дүбірлі додада Абай облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Карибек Ислам - 81 кг, Full Contact - алтын медаль.

Даулетпек Нұрдаулет - 48 кг, Full Contact - күміс медаль.

Айтказин Арсен - 51 кг, Low Kick - күміс медаль.

Дулат Әзиз - 63,5 кг, Full Contact - күміс медаль.

Бекетов Данил - 48 кг, Full Contact - қола медаль.

Ақанов Аңсар - 57 кг, Full Contact - қола медаль.

Нұрқасым Дінмұхаммед - 63,5 кг, Low Kick - қола медаль.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Абай облысының спорт қауымдастығы салтанатты түрде қарсы алды. Кездесу барысында спортшыларға құрмет көрсетіліп, олардың жеңісі өңір спортының маңызды жетістігі ретінде атап өтілді.