Спорт күні құтты болсын!

Спорт күні құтты болсын!

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спорт жанашырлары!

Сіздерді денсаулық пен сергектіктің, жігер мен жеңістің мерекесі – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт – адамды биік мақсаттарға жетелейтін, рухты шыңдап, ерік-жігерді қалыптастыратын маңызды құндылық. Ел спортының дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға еңбегі мен табандылығы үшін алғыс білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, ал спортшыларымызға толағай жеңістер мен биік белестер тілейміз! 

Еліміздің көк туы әрдайым спорттық жеңістермен биікте желбірей берсін!

Спорт күні құтты болсын!