
Алакөл көлінің жағалауында «Абай барысы – 2026» облыстық қазақ күресі турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спорттық дода облыстық терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен «Спорт – терроризмге қарсы» ұранымен өтті.
Турнирге облыстың әр өңірінен келген 50-ге жуық балуан қатысып, ұлттық спортты дамыту жолында өзара мықтыны анықтады. Жарысқа Алакөлде демалып жатқан 2 мыңға жуық демалушы куә болып, балуандардың тартысты белдесулеріне қолдау көрсетті.
«Абай барысы – 2026» турнирі ұлттық спортты дәріптеумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге және қоғамда терроризмге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды спорттық іс-шаралардың бірі болды.