Қалбатауда жаңа стадионның құрылысы қарқын алды

Қалбатауда жаңа стадионның құрылысы қарқын алды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жұмыс сапары барысында Қалбатау ауылында салынып жатқан стадионның құрылысымен танысты.

Заманауи спорт нысаны ауыл тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Құрылыс жұмыстары биыл басталған, стадионды 2026 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өңір басшысы мердігерлерге құрылыс сапасы мен қарқынын бақылауда ұстап, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.