
Жерлестеріміз Саида Қасымжанова мен Ульяна Пухова жақында Қытай Халық Республикасының Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан өткен Азия чемпионатында ұлттық құрама сапында қола жүлдегер атанды. Ал балуандарымыз грек-рим күресінен Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында болған Азия чемпионатынан олжалы оралды. Ерали Мұратов алтыннан алқа тағынса, Нұралы Амангелді қола жүлдені иеленді.
Облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбеков халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен өңір спортшылары мен олардың жаттықтырушыларымен кездесіп, жоғары жетістіктерімен құттықтады. Аймақ басшысы Берік Уәлидің атынан Алғыс хаттар мен арнайы сертификатты табыстады.
«Бүгін біз Абай облысының ғана емес, барша Қазақстанның мерейін үстем еткен саңлақтарымызды құрметтеп, жеңістерімен құттықтау үшін бас қосып отырмыз. Бұл жетістіктер – спортшыларымыздың тынымсыз еңбегінің ғана емес, олардың бойына жеңіске деген сенім мен чемпиондық рухты қалыптастырған жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.