«Қозғалыс мекені»: Абай облысында жастар арасында салауатты өмір салты мен қауіпсіздік мәдениеті насихатталд

«Қозғалыс мекені»: Абай облысында жастар арасында салауатты өмір салты мен қауіпсіздік мәдениеті насихатталд

Абай облысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және экстремизм мен терроризмге қарсы мәдениетті дамыту мақсатында «Қозғалыс мекені» жастар фестивалі өтті.

Іс-шара Абай облысы әкімдігінің терроризмге қарсы бағыттағы құрылымдарының қолдауымен, Абай облысының Дін істері басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді. Фестиваль бағдарламасына спорттық жарыстар, мәдени шаралар және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары енгізілді.

Фестиваль аясында 3х3 баскетбол, 3х3 футбол, гір спорты және қол күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт ұйымдарының жетістіктер көрмесі өтіп, өңір спортшыларының медальдары, кубоктары және өзге де марапаттары көпшілік назарына ұсынылды.