
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120, №119, №121 және 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №265 бұйрықтарына сәйкес хабарлайды:
- 2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 18:00 «Даму Бала» платформасында балаларға арналған кезек ашылады.
- 2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 18:00 «Даму Бала» платформасында оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде ваучерлер автоматты түрде берілетін болады.