
2026 жылдың 12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Кубогы өтуде. Еліміздің ең үздік балуандары қатысып жатқан дүбірлі жарыста жоғары деңгейдегі белдесулер ұйымдастырылуда.
Осы жарыста мектебіміздің спортшысы Тұрсынов Нұрсұлтан грек-рим күресінен 87 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын иегері атанды!
Спортшымызды және жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!