Абай облысының спортшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде топ жарды

2026 жылдың 8-10 мамыр күндері Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam әлемдік додасында Абай облысының спортшысы - Жалғас Қайролла 81 кг салмақта ел намысын абыроймен қорғап, АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды!
Бұл - қажырлы еңбек пен тынымсыз дайындықтың жемісі!
Көк туымызды биікте желбіретіп, барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жарайсың, чемпион! Алар асуың биік, жеңістерің көп болсын!