Семей қаласында грек-рим күресінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровді еске алуға арналған U-15 жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде әр елден келген жас балуандар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеді. Жарыс барысында бозкілемде қызу белдесулер өтіп, қатысушылар жеңіске деген жігері мен қайсарлығын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, бұл дода жас балуандар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, олардың болашақтағы спорттық жетістіктеріне жол ашты.
Аталған жарыс Жақсылық Үшкемпіровтің жарқын есімін ұлықтап қана қоймай, грек-рим күресінің дамуына серпін беріп, жас таланттардың шыңдалуына үлкен үлес қосты.