Бүгін «Күшті өңірлер және спортты дамыту - жаңа Конституцияның басымдықтары» тақырыбында Мәслихат депутаттарының спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және жас спортшылармен кездесуі өтті

Бүгін «Күшті өңірлер және спортты дамыту - жаңа Конституцияның басымдықтары» тақырыбында Мәслихат депутаттарының спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және жас спортшылармен кездесуі өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты - жаңа Конституциялық өзгерістер аясында спорт саласының даму мүмкіндіктерін жан-жақты талқылау болды. Кездесу барысында өңірлік спортты дамыту, жастарды қолдау, сондай-ақ бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мәселелері кеңінен қарастырылды.

Жаңа Конституция - еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Ол әрбір азаматқа, соның ішінде спортшыларға да жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Осы тұрғыда спортты дамыту тек салалық міндет қана емес, ол - ұлт денсаулығы мен болашағына салынған маңызды инвестиция екені атап өтілді.

Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, жас спортшыларды қолдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы бастамаларды ортаға салды.