Абай облысында күрес федерациясына жаңа президент тағайындалды

Абай облысында күрес федерациясына жаңа президент тағайындалды

Аталған іс-шара аясында Абай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа президенті ретінде Серік Толеғалиұлы Төленбергенов ресми түрде таныстырылды.

Жиынның басты мақсаты – өңірде күрес спортын дамыту, федерация жұмысының тиімділігін арттыру және жаңа басшылықты спорт қауымдастығына таныстыру.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы Дамир Асенгазыевич Бекбосынов, сондай-ақ өңір басшылығы, спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.