
Анталия қаласында 27-30 наурыз аралығында өткен таеквондодан (WT) “Turkiye Open” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Беделді додада Абай облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
3 орын - Өркен Шахнұр (48 кг салмақ дәрежесі)
3 орын - Қайратов Диас (51 кг салмақ дәрежесі)
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы - Аманбаева Майсара.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз.