Вадим Чебардаков – Әлем чемпионы! 

Вадим Чебардаков – Әлем чемпионы! 

Германияның Инцель қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден Әлем чемпионатында жерлесіміз масс-старт сайысында алтын медаль жеңіп алды!

Отандасымыз 5:29.87 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетіп, қарсыластарын артта қалдырды. Бұл – жоғары шеберлік пен төзімділіктің, тактикалық сауаттылықтың айқын дәлелі!

Вадим Чебардаков – масс-старттағы жарыста алтын медаль иегері! 
Спортшы дистанцияны 5:29.87 нәтижесімен бағындырды.

Абай облысының және ел намысын асқақтатқан спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісті күндер жалғаса берсін!