Анастасия Беловодова Әлем чемпионы - Абай облысының мақтанышы!

Анастасия Беловодова Әлем чемпионы - Абай облысының мақтанышы!

27 ақпан-1 наурыз 2026 жыл аралығында Инцель қаласында (Германия ) жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден Әлем чемпионаты өтті.

Тартысқа толы додада жасөспірім қыздар арасындағы командалық спринтте Қазақстан құрамасы сенсациялық нәтиже көрсетіп, І орынды иеленіп, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды! 

Құрама сапында:
– Беловодова А. (Абай облысы)
– Глухова В. (СҚО)
– Шумекова К. (СҚО)

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының спортшысы Беловодова Анастасия Қазақстан Республикасы құрамасы сапында өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды!

Бұл - қажырлы еңбектің, табандылықтың және нағыз чемпиондық рухтың жеңісі!
Абай облысының атын әлемге танытқан спортшымызды және бапкерлер құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Алда бұдан да биік белестер күтеміз!