Жас балуандардың жарқын жеңісі

Жас балуандардың жарқын жеңісі

2026 жылғы 21 ақпан – 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарыс жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мен шеберлікті шыңдайтын маңызды белес болды.

Абай облысының балуандары ел чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді.

80 кг – Төлеуғали Алинұр
Боз кілемде сенімді күрес жүргізіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Күміс жүлдегерлер:
▪️ Әмір Омарғалиев (65 кг)
▪️ Уалиев Әділжан (110 кг)

Қола жүлдегерлер:
▪️ Ербол Саятбеков (45 кг)
▪️ Сейілбек Семейбек (48 кг)

 Грек-рим күресі U17 – жалпыкомандалық есеп:
1 орын - Алматы облысы
2 орын - Абай облысы
3 орын - Шымкент қаласы

Командалық сайыста Абай облысы 2-орынды иеленді! Осындай жарыстар жас ұрпақтың рухын көтеріп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарыңыз биік болсын!