
Бүгін Семей қаласында өткен іс-шараға Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мерей Қайратұлы мен Абай облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рымқанов Арман Серікқанұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жаппай шаңғы жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты.
Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және терроризмге қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.