
Бүгін Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы өңірдегі бірқатар спорттық нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.
Сапар барысында ол Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымының жай-күйін және спортшыларға жасалып жатқан жағдайларды көрді.
Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысымен танысып, спорт саласының даму барысы, алдағы жоспарлар мен өзекті мәселелер талқыланды. Жауапты мамандар атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет беріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесу барысында Мейірлан Ақылбекұлы спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолдау және спорттық нысандардың тиімді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.