Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы

Абай облысы құрылғаннан бері өңірде спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қала мен аудандарда 20-ға жуық нысан салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 19 спорттық кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Облыс спортшылары төрт жылдықтың басты жарыстары саналатын Азия ойындары мен Сурдолимпиадада ұлттық құрама сапында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов 2025 жылы өңірдің спорт саласында атқарылған жұмыстар және 2026 жылдың жоспарлары туралы айтып берді.