
21 желтоқсан күні Семей қаласында гір спортының жұлқа көтеру түрінен барлық жастағы спортшылар арасында Абай облысының ашық біріншілігі өтті.
Жарысқа Ақсуат,Жарма,Курчатов,Бесқарағай аудандары мен Семей қаласынан 80-нен астам спортшы қатысты.
Жарыс қыздар арасында 3 салмақ және ерлер арасында 12 салмақ дәрежесінде өтті.
Жеңімпаздар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хат, медальдарымен марапатталды.