
Абай облысының спортшысы Ерасыл Жақпеков әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
80 келі салмақта сынға түскен ол алғашқы айналымда Буркина-Фасо өкілі Зуграна Эбенезерді айқын басымдықпен жеңді.
Қарсыласын бірінші раундта үш рет есеңгіретіп,техникалық нокаут тіркелді.
Ерасыл енді Ресейлік Джамбулат Бижамовпен кездеседі.