Тұрсынов Нұрсұлтан ҚР Чемпионы атанды 

Тұрсынов Нұрсұлтан ҚР Чемпионы атанды 

Алматы қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа қатысқан Абай облысының спортшысы Тұрсынов Нұрсұлтан 87 кг салмақ дәрежесінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, чемпион атанды.

Бұл жетістік Абай облысы спортшыларының кәсіби дайындығы мен өңірде күрес спортының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды.