Шинкиокушинкай каратэден Абай облысының ашық чемпионаты өтті

Шинкиокушинкай каратэден Абай облысының ашық чемпионаты өтті

30 қараша күні Семей қаласындағы «АБАЙ АРЕНА» мәдени-спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден Абай облысының ашық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің Астана,Алматы,Павлодар қалалары мен ШҚО және Абай облысынан 300-ге жуық спортшы қатысты.

Абай облысының чемпионаты «КАРАТЭ- ЕСІРТКІ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ» ұранымен өтті.

Аталмыш жарыстың басты мақсаты - республикалық жарыстарда Абай облысының намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу.