
27–30 қараша аралығында Ақтау қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
«Маңғыстау арена» спорт кешенінде төрт күн бойы еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 839 жас спортшы үздік атану үшін өзара бақ сынады.
Абай облысының жас татами шеберлері жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 6 алтын және 6 қола медаль иеленді. Осы көрсеткіштің арқасында облыс құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Чемпиондар:
– Бекарыс Құдайберген (−50 кг)
– Бақнұр Әбдешова (−40 кг)
– Бекзат Болатбек (−66 кг)
– Нұралы Маулетхан (−73 кг)
– Әлижан Сайлаубеков (−81 кг)
– Диана Сәтенова (+70 кг)
Қола жүлдегерлер:
– Бақдәулет Серікқали (−50 кг)
– Жанель Сарқытбек (−48 кг)
– Жанарыс Мәулетқазы (−73 кг)
– Әміржан Амангелдыев (−73 кг)
– Дамира Айдарқызы (−52 кг)
– Наргиз Габдулманап (+70 кг).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!