
Бүгін Бородулиха ауданында ҚР спорт шебері Шалқар Ахметқалиұлы Сәрсеқановты еске алуға арналған қазақ күресінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир өтті.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыс биыл тоғызыншы рет өтуде. Турнирге Өскемен мен Семей қалаларынан, сондай-ақ облыстың төрт ауданынан келген жүзге жуық жас балуан қатысты.