
15–26 қараша күндері Жапонияның астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Биылғы байрақты бәсекеде 80 елден келген шамамен 3 мың спортшы 21 спорт түрі бойынша бақ сынап, 223 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.
Қазақстан құрамасы жарысқа 78 спортшымен қатысады. Олар жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сынға түседі.
Абай облысы атынан сурдодзюдо бойынша 60 келі салмақта Алтынбек Кәкітаев пен 48 келі салмақта Айым Жетпісбаева ел абыройын қорғайды.
Жерлестерімізге байрақты бәсекеде жеңіс тілейміз!