
Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен IPF экипировкалық пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жерлесіміз Яков Ионин Қазақстан құрамасы сапында 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Күш сайысында жоғары нәтижеге қол жеткізген Яков әлемдік додада 3-орын иеленіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Жерлестеріміз чемпионды теміржол вокзалынан арнайы құрметпен күтіп алды.