
Абай облысында «Қазақстандық спорт ардагерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы құрылды. Филиалдың басшысы болып Дәукеева Гүлнәра Жүнүсбекқызы тағайындалды.
Гүлнара Жүнүсбекқызы – спорт ардагері, өңірде дене шынықтыру мен спортты дамытуға елеулі үлес қосқан тұлға. Оның көпжылдық еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында спорт қозғалысы нығайып, халық арасында салауатты өмір салтының рухы артып келеді.
Бүгін «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Абай облысының жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ және спорт ардагерлері Гүлнара Жүнүсбекқызын туған күнімен шын жүректен құттықтады.
Мерейтой иесіне еңбегі, спортқа деген адалдығы және қоғамдық белсенділігі үшін жылы лебіздер мен терең алғыс сөздері айтылды.
Гүлнара Жүнүсбекқызына зор денсаулық, отбасы амандығын, шабыт пен дене шынықтыру және спортты дамыту жолындағы еңбегіне табыс тілейміз!