
Семей қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. 10–13 қараша аралығында өткен додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 569 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады.
Абай облысының спортшылары аралас-командалық бәсекеде ерекше өнер көрсетіп, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының командаларын жеңіп, чемпион атағын иеленді.
Бұл жеңіс спортшыларға алдағы халықаралық турнирлерде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғауға жол ашады.