Абай облысында спорттық туризмнен VI ашық чемпионат өтті

Абай облысында спорттық туризмнен VI ашық чемпионат өтті

 

Семей қаласында спорттық туризмнен VI ашық облыстық чемпионат өз мәресіне жетті.

Жарысқа Абай облысы мен көршілес өңірлердің үздік турист-спортшылары қатысты.

Чемпионаттың басты мақсаты — өңірде спорттық туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жасөспірімдер мен ересектер арасынан тәжірибелі, төзімді және дайындалған қатысушыларды анықтау болды.