2025 жылғы 5 қыркүйекте қазақ халқының біртуар ұлы, тіл білімінің негізін қалаушы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі кең көлемде аталып өтуде. Осы мереке аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Солардың бірі — Ұлттық диктант. Бұл жалпыреспубликалық жоба азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайту мақсатында жүзеге асырылады.
2025 жылғы 10 қазан күні Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері осы маңызды іс-шараға белсене қатысып, мемлекеттік тілге деген азаматтық ұстанымдарын танытты.
Ұлттық диктант — бұл тек жазба жұмысы емес, ол – әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің көрінісі. Мұндай жобалар қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, өскелең ұрпақты тілге құрметпен қарауға тәрбиелеуге зор үлес қосады.
Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы алдағы уақытта да мемлекеттік тіл саясатын қолдай отырып, ұлт руханияты мен мәдениетінің дамуына өз үлесін қоса бермек.