2025 жылдың 9-10 қазан күндері Абай облысында асық атудан 2012–2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық іріктеу чемпионаты өтті. Ұлттық спортты ұлықтаған жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың басын қосты.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – асық ату спортын дамыту, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және алда өтетін республикалық жарыстарға лайықты спортшыларды іріктеу болды.