«Елімай» жастары — Қола жүлдегер!

«Елімай» жастары — Қола жүлдегер!

«Елімай» жастары Екінші лиганың Солтүстік-шығыс конференциясында қола жүлдеге ие болды!

100% жергілікті семейлік ойыншылардан құралған ұжым маусым бойы аянбай еңбек етіп, жанкүйерлер сенімін толық ақтады!

 Жаңадан ашылған «Ұшақтар» стадионына жан бітіріп, әр ойында көрермендердің қолдауына бөленді.

 Бұл — табандылықтың, еңбекқорлықтың және Серік Каппаров пен Ефим Германович бастаған бапкерлер құрамының жұмыстарының нақты нәтижесі.

Биылғы мақсаттарымыздың бірі — жергілікті таланттарды кәсіби футболға бейімдеп, болашақта Еуропада ойнау мүмкіндігін арттыру еді. Сол жолда алғашқы нақты қадам жасалды!

Жарайсыңдар, Елімай жастары! Семей сендермен мақтанады!