Таза табиғат - жарқын болашақ!

Таза табиғат - жарқын болашақ!

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы сенбілік жұмыстарын жасап, Семей қаласының тазалығына өз үлесін қосты.

Басқарма ұжымы мен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері қаланың әр түкпірін тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты. Бұл тек сенбілік емес - туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі.

Мұндай шаралар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялаудың маңызын ұрпақ санасына сіңіру -басты мақсат.