Абай облысында Спорт күніне орай үздіктер марапатталды

Абай облысында Спорт күніне орай үздіктер марапатталды

17 тамыз – Спорт күні қарсаңында Абай облысында спорт саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар салтанатты түрде марапатталды. Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру мен спортты насихаттап, сала қызметкерлерінің еңбегін бағалау және ынталандыру.

-Абай облысы әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен,
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен,
Құрмет грамоталарымен спорт саласының үздік өкілдері марапатталды.

Бұл марапаттар – спортты өркендету жолындағы тынымсыз еңбек пен табандылықтың, жанкештілік пен кәсіби шеберліктің жарқын дәлелі. Спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген әрбір маман – салауатты ұрпақ тәрбиелеудің тірегі.

Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, елдің намысын қорғап, жастарға үлгі бола беріңіздер. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағасын таба берсін!