Бүгін Семей қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан Абай облысы чемпионаты басталды. Жарысқа облыстың барлық ауданынан 56 спортшы қатысуда.
Чемпионат нәтижесі бойынша жеңімпаздар Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Бұл іріктеу сайысы жас спортшыларға республикалық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік береді.
Жарыс бірнеше күнге жалғасады. Ұйымдастырушылар доданың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті.