
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен “Түйе палуан” (90 келіден жоғары) және “Өгіз палуан” (74 келіге дейін) сайыстары өз мәресіне жетті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 43 спортшы қатысып, оның 12-сі финалдық белдесуде бақ сынады.
Белдесулер тартысты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Өгіз палуан (74 кг дейін) нәтижесі:
1 орын – Еркінұлы Жігер (Алматы қаласы);
2 орын – Тоқтасынұлы Тілек (Жетісу облысы);
3 орын – Қайырбеков Мейірбек (Абай облысы);
3 орын – Аманшүкіров Нұр Серікұлы (Жамбыл облысы).
Түйе палуан (90 кг жоғары) нәтижесі:
1 орын – Жарылғапов Нұрдәулет (Маңғыстау облысы);
2 орын – Қажыбаев Ерасыл (Абай облысы);
3 орын – Крикбай Ғалымжан Шайахметұлы (Жамбыл облысы);
3 орын – Қаблан Нұрсұлтан Асланұлы (Қостанай облысы).
Жеңімпаз палуандарға лайықты марапаттар табысталды. “Түйе палуан” және “Өгіз палуан” аталымдарының бас жүлдегерлеріне автокөлік, ал жүлделі орын иелеріне ақшалай сыйлықтар берілді.