Семейде футболдан Республикалық турнир өз мәресіне жетті!

Семейде футболдан Республикалық турнир өз мәресіне жетті!

1–4 тамыз аралығында өткен бұл турнир – жуырда ғана өткен халықаралық “Abay Cup” жарысының жалғасы. Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс 2016 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

Қазақстанның бірнеше өңірінен – Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген командалар тартысты ойын көрсетіп, жанкүйерлерге жарқын әсер сыйлады!

 Финалдық нәтижелер:
 1 орын – Тобол (Қостанай)
 2 орын – СДЮШОР №8 (Астана)
 3 орын – Елімай (Семей)

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 
Кішкентай футболшыларға жарқын болашақ, үлкен жеңістер тілейміз!