Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың 7-10 тамызы аралығында Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұлттық спорт түрлерінен республикалық, облыстық деңгейдегі ауқымды жарыстар ұйымдастырылады.
Мерейтой аясында 3-6 тамызы аралығында Семей қаласында– Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы кубогі;
7 тамыз күні – Семей – Қарауыл бағыты бойынша жүлде қоры 10 млн-ды құрайтын 180 шақырымдық ультрамарафон өтеді.
Абай ауданы,Қарауылтөбеде 7-10 тамыз күндері ұлттық спорт түрлерінен ауқымды сайыстар өткізіледі.
Сайыстың жүлде қоры:
Қазақ күресі-Түйе,Өгіз палуан сайысында Бас Жүлде автокөлік, 2-3 орындарға қаржылай сыйлық
Аламан бәйге,топ бәйге,жорға бәйге сайыстарының жеңімпаздарына АВТОКӨЛІК, 2-5 орындарға қаржылай сыйлық
Тоғызқұмалақ сайысының жеңімпазына Автокөлік, 2-3 орындарға қаржылай сыйлық;
Тазы жарысы,Құсбегілік ,Дәстүрлі садақ ату сайыстарының жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болады.
Бұл шаралар-Абай мұрасын насихаттаудың, ұлттық спорт пен салт-дәстүрді жаңғыртудың тамаша мүмкіндігі!
Келіңіз, көріңіз,қолдаңыз!