Сейтқалиев Диас — Азия чемпионы!

Сейтқалиев Диас — Азия чемпионы!

2025 жылғы 5-9 шілдеде Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында өткен 20 жасқа дейінгі (U20) жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында, Абай облысының спортшысы Сейтқалиев Диас 82 кг салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Диас бұл жетістікке жету үшін 3 қарсыласын сенімді түрде жеңіп, Қазақстан туын биікте желбіретті.