2025 жылғы шілдеде Қырғызстанның Бішкек қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтті. Осы сында 68 кг салмақта Әділжан Мұратов күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан намысын абыроймен қорғады.
Қазақстан құрамасы жалпы 5 алтын, 4 күміс медаль иеленіп, командалық есепте 1-орын алды.
Жүлдегер елге оралған соң, туған жері — Абай облысында оны жерлестері ыстық ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсетті .
Бұл жеңіс — жас спортшы үшін үлкен жолдың бастамасы ғана.