әстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионатында топ жарған спортшылар туған жеріне оралды

әстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионатында топ жарған спортшылар туған жеріне оралды

Жуырда өткен дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен жерлес спортшыларымыз туған өлкесіне оралып, жерлестерінің ыстық ықыласына бөленді.

Атап айтқанда, Пута нысанасы бойынша жерлесіміз Түсіпханов Темірлан жоғары шеберлік танытып, 1-орын иеленді.

Қалқан нысанасы (50 метр) қашықтықта өткен жарыста:
Маденова Мадина жүлделі 3-орынға, Қанағатқызы Айым 2-орынға ие болып, ел намысын абыроймен қорғады.

Бүгін жеңімпаз спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Бұл жеңіс – жастарымыздың ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен табандылығының жарқын дәлелі.