Кұмарұлы Нұрдәулет грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды

Кұмарұлы Нұрдәулет грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды

2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вунгтау қаласында (Вьетнам) 17 жасқа дейінгі спортшылар (U17) арасында грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша Жақсылық Үшкемпіров атындағы БЖСМ-нің тәрбиеленушісі — Кұмарұлы Нұрдәулет тамаша жеңіске жетті. 48 келі салмақ дәрежесінде ол қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, алтын медаль иеленіп, Азия чемпионы атанды.

Нұрдәулетті және оның бапкерлік тобын бұл жоғары жетістігімен құттықтаймыз, әрі халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуін тілейміз!