
Бұл — қарапайым еңбек адамын ұлықтайтын, адал еңбек пен табандылықты дәріптейтін ерекше жыл. Осы маңызды бастама аясында еліміз бойынша «Алтайдан Оралға дейін» атты велошеру жолға шықты. Бұл тек спорттық шара емес — бұл ерік-жігер мен еңбектің, бірлік пен мақсаттың символы.
Ұзақ жолдың кезекті нүктесі — Семей қаласы. 27 мамыр күні еңбекке арналған осы ерекше сапар еліміздің рухани ордасына айналған Семейде жалғасты.
Қала тұрғындары мен 350-ге жуық еңбек ұжымы және студенттері велошеру қатысушыларын қарсы алып, еңбек адамына деген құрмет пен қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Велошеруге қатысушыларға Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл бастама — болашақ ұрпаққа еңбек ету мәртебе екенін ұғындыратын маңызды қадам!